Индустриалдық парктер

Индустриалдық парктер

«DAMU LOGISTICS» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ «ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ» ЖӘНЕ «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ҰСЫНАДЫ

Қысқаша ақпарат:

Қазіргі уақытта кеңестік инфрақұрылымнан біздің елдің еншісіне тиген өндірістік базалардың негізгі бөлігі (зауыттар, фабрикалар, цехтар мен т.б.) моральдық және физикалық тұрғыдан ескіріп бітті. Жаңа өндірістердің құрылысы көптеген күрделі қаржы салуды талап етеді. Жаңа өндірісті іске қосудағы негізгі проблемалар болып коммуникацияларды (электр энергиясы, су құбыры, канализаци) ретке келтіру және инфрақұрылымды (автомобильдік жолдар, темір жол тұйығы, қосалқы жылжымайтын мүлік объектілері) құру табылады, бұл кез келген өндіріс құрылысының 40-60%-ын құрайды.

Қоғамның инфрақұрылым объектілеріне деген сұранысының өсуі және оларға сапалы қызметтер ұсыну жағдайында біз Алматы қаласында «DAMU-Алматы» индустриалдық-логистикалық паркі» жобасын жүзеге асырдық.

«DAMU Logistics» компаниялар тобы Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының (Тула қ.) аумағында басқа да индустриалдық-логистикалық парктерді дамытуды жүзеге асыруда.

  • 1 «DAMU-Алматы» ИЛО, жалпы аумағы 210 га
  • 2 «DAMU-Кайрат» ИЛО, жалпы аумағы 142 га
  • 3 «DAMU-Аксегер» ИЛО, жалпы аумағы 22 га
  • 4 «DAMU-Хоргос» ИЛО, жалпы аумағы 200 га
  • 5 «DAMU-Астана» ИЛО, жалпы аумағы 53 га
  • 6 «DAMU-Актобе» ИЛО, жалпы аумағы 240 га
  • 7 «DAMU-Тула» ИЛО, жалпы аумағы 636 га

«DAMU» индустриалдық-логистикалық парктердің тұжырымдамасы екі аймақты көздейді: қолданыстағы логистикалық аймақ пен индустриалдық аймақ (өнеркәсіптік алаңдар); сондай-ақ дамыған инфрақұрылым, үлкен аумақ пен барлық инженерлік желілердің болуы, соның ішінде электр- және газбен жабдықтау, су құбыры және канализация жүйесі. Ыңғайлы орналасуы (қала шетіне және көлік күре жолдарына жақын орналасуы) біздің алаңдарды кез келген қызмет саласындағы компаниялардың өндірістік алаңдарын орналастыру үшін тамаша орынға айналдырады. Аумақта теміржол кіреберіс жолдары, локомотив депосы, контейнерлік шаруашылық (жүк көтергіштігі 30-40 тонналық төрттағандық крандар), «А» сыныпты қоймалар, кедендік қоймалар, УСҚ және басқалары бар.

Бүгінгі таңда «DAMU» индустриалдық-логистикалық парктің аумағында жетекші әлемдік және қазақстандық өндірушілер өндірістік алаңдарды сатып алып, зауыттар құрылысын жүзеге асыруда:

  • «Scania» (ауыр жүк машиналары мен арнайы техникаға арналған Орталық Азия бойынша сервистік орталық);
  • «Danone» (сүт өнімдерін өндіретін зауыт);
  • «Raimbek Bootlers» (сусындар мен шырындарды өндіру бойынша зауыт);
  • «Sonik» (құбырларды өндіру бойынша зауыт);
  • «Азия Паркет» (паркет өндіру бойынша зауыт) және т.б.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты Сіздің компанияңыздың дамуы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру тұрғысынан біздің парктер тиімді шешім болып табылады де есептейміз. Өндірістерді индустриалдық парктердің аумағына орналастыру өндірістерді ретке келтіру мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Тиімді ынтымақтастық пен инновациялық жобаларды енгізуге негізделген әріптестік бизнестің кейінгі дамуына жағымды әсерін тигізеді деп шын жүректен сенеміз!