«DAMU LOGISTICS» - ӘРДАЙЫМ ЖЕҢІМПАЗДАР

«DAMU LOGISTICS» - ӘРДАЙЫМ ЖЕҢІМПАЗДАР

2014 жылдың 9 қазанында «DAMU Logistics» компаниясы атынан директорат  – Михаил Шамаков пен Қайрат Италмасов, сондай-ақ PR-менеджер Лэйла Даберова «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясымен ынтымақтастықта отырып, Қазақстанның Еуропалық бизнес-қауымдастығының (ҚЕУРОБҚ) шарасына қатысты.

Шара семинар түрінде, атап айтқанда ойын формасында өткізілді. Ұйымдастырушылар Қауымдастық мүшелеріне қор нарығы және инвестициялаудың негізгі қағидаттарымен танысу, әрі семинардың ерекше үлігісінің арқасында өзін тәжірибе барысындағы инвестор ретінде сезіну мүмкіндігін ұсынды.   

Жобаның негізгі мақсаты болып қатысушыларды пайдалы инвестициялау дағдыларына үйрету және қатысушылардың қор нарығында ойын тәжірибесіне ие болуы табылды.

Әр ойында жеңімпаз болады емес пе! Біздің компания өзінің «Жеңіс әрдайым және әр жерде!» қағидатын өзгертпеді. Қайрат Италмасов жүлделі орындардың біріне ие болды және «Bank of America» банкінің 20 акциясына ие болды, бұл ақшалай баламада 400 АҚШ долларын құрады.

Жеңімпазды құттықтаймыз және біздің командаға әрқашан үздіктер қатарынан табылуды тілейміз! 

09 окт 2014