Қашықтықтарды қысқарта отырып

Қашықтықтарды қысқарта отырып

«Бұл өте маңызды, өте қажет объект, – деді президент. – Бұл біздің Қытай Хадық Республикасымен экономикалық байланыстарымздағы екінші тас жолы. Ол жағынан олар темір жолды әкеліп қойған. Бұл жолмен Қазақстан мен Орта Азияға ғана емес, Ресейге және Еуропаға да жүктер жүретін болады. Алматы қуатты транзиттік облыс және транзиттік қала бола бастады, біз бұдан көптеген пайда табатын боламыз».

Жолдың ұзындығы 298 шақырымды құрайды. Жолдың басы Жетіген бекетінен басталады да, Алматы облысының Іле, Талғар, Енбекшіқазақ, Ұйғыр және Панфилов аудандары бойынша өтеді және қытай шекарасына шығады. Ол жерде халықаралық тасымалдар көлемінің артуын қамтамасыз ететін екінші теміржолдық шекаралық өткізу бекеті ашылады. Жаңа желіні іске қосумен бірге Ақтау және Алматыдан бастап Қытайға дейінгі қашықтық 500 км-ге қысқарады.

Бұрынырақ осы жобаға ENRC қатысады деп болжамдалған. Бірақ жуықта ENRC Қазақстан үкіметімен Жетіген-Қорғасы теміржол желісінің құрылысы мен пайдалануға концессия шартын бұзу бойынша келісімге келгендігі белгілі болды.

Қорғас-Жетіген темір жолы 2009 жылдың тамыз айынан бастап 2012 жылға дейін 45 ай ішінде салынатын болады. Құрылыстың жалпы құны - 147,4 млрд теңге, орта есеппен бір километрге 502 млн теңгеден келеді. 29 көпір, бес бекет, он разъезд, бір жол өтпесін салу қажет. Құрылыс кезінде 5500 адам жұмысқа алынады, олардың 805 – 2009 жылда. Пайдалану кезеңінде жолда 2093 жұмыс орны ашылады.  

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Енбекшіқазақ ауданына келіп, жүгері мен соя гибридтерінің тұқымдары өсірілетін «Будан» кәсіпорны селекциялық учаскесінің жұмысымен танысады деп жоспарлануда.

Бұдан әрі бағдарлама бойынша – «Айдарбаев» шаруа қожалығының жемістік дақылдар тәлімбағына бару. Сапар соңында Елбасы Есік қаласындағы жаңа перзентхана ұжымымен кездеседі.

30 июл 2012