ҚАЗАҚСТАН-НЕМІС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН «DAMU LOGISTICS» БІЛІМДІК ЖОБАЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН-НЕМІС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН «DAMU LOGISTICS» БІЛІМДІК ЖОБАЛАРЫ

2014 жылдың 25 қыркүйегінде «DAMU-Алматы» ИЛО аумағында Қазақстан-неміс университетінің инженерлік-экономикалық ғылымдар факультетінің студенттері үшін таныстыру экскурсиясы өткізілді.

Экскурсия барысында логистика және жаңа технологиялар кафедрасының 3-ші курс студенттері мен техникалық ғылымдар докторы Гюнтер Тессман (Қолданбалы ғылымдартехникалық университеті, Вильдау қ.) ИЛО аумағындағы  индустриалдық және логистикалық аймаққа, контейнерлік алаңдар мен ашық сақтау аймақтарына барды.

Студенттер қоймалардың қызмет ету технологиялары мен жүйесінің тәжірибелік жағымен, қоймаларды және өндірістік-қоймалық персоналды басқарудың негізгі қағидаттары, жүк тиеу-түсіру бөлігін ұйымдастырумен, қоймалық жайларды тиімді үйлестірумен танысты. 

Аумақ бойынша экскурсиядан кейін қатысушылар конференц-залға компания қызметі туралы фильмді көру және экскурсия барысында алынған ақпаратты талдау үшін шақырылды. Студенттер талқылауға қызығушылықпен кірісті, ал көпшілігі өндірістік тәжірибені біздің компанияда өтуге тілек білдірді, мұны, әрине, компания басшылығы қолдайды, және де Қазақстанның көптеген басқа ЖОО-мен ынтымақтастық аясында табысты жүзеге асырылып келеді.   

Бұл экскурсия, күмәнсіз, мен Қазақстан-неміс университенің бірлескен «DAMU Logistics» білімдік жобалары аясындағы табысты және нәтижелі қызметтестіктің басы болады.

 

25 сен 2014