«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» КОНКУРСЫ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» КОНКУРСЫ

2014 жылдың 20 маусымында «DAMU Logistics» ИЛО аумағында Алматы облысының озық өнеркәсіптік кәсіпорындарының көрмесі және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанаттың басталуы алдында облыс әкімнің орынбасары Серік Тұрдалиев, сондай-ақ Ілеу ауданының әкімі Бердәулет Абдулдаев пен олармен бірге келген тұлғалар көрме павильонын қарап шықты. Бұл көрмеде өз өнімдерін ондаған жеңіл, тамақ, балық, тау-кен, электр-техникалық, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс саласы, жылыжай шаруашылықтары ұсынып, орналастырған. 

 Шарадан кейін өткізілген марапаттау рәсімінде облыс әкімінің орынбасары қатысушыларды облыс әкімі Ансар Мұсахановтың атынан құттықтап, конкурс жеңімпаздарын марапаттады. 

Біздің компания облыс әкімінің атынан конкурс-көрмені өткізуге белсене қатысқандығы үшін алғыс хат алды.

23 июн 2014