Логистика бизнесті оңтайландырады

Логистика бизнесті оңтайландырады

Бүгінгі таңда түрлі сараптық бағалаулар бойынша, компаниялардың логистикалық шығындары тауар құнының 20%-дан 50%-ға дейін көлемін құрайды. Оларды қысқарту – қазіргі заманғы логистикалық орталықтардың негізгі міндеті. Бизнес-процестерді оңтайландыру дағдарыс кезеңінде ерекше өзектілікке ие болады. Жалпы, Қазақстанның логистикалық саласына кешенді көзқарас ірі компанияларды - өндірушілер мен дистрибьюторларды – біздің нарыққа тарту үшін қажет жағдайларды жасайды және, тиісінше, мемлекеттік бюджетке түсімдерді арттыруға көмектеседі.  

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өз бетімен тауарларды сақтау және қоймалық қорларды басқару – шетелдік дистрибьюторлар үшін ғана емес, маркеттер мен өндірушілер үшін де зиян: қоймаларды жалға алудың құны жоғары, көлік шығындары, қоймалық басқару үшін білікті персонла қажет, түрлі өнімдерді сақтаудағы тәжірибе, қымбат тұратын жабдық және т.б. Сонымен қатар, жабдықталмаған қоймаларда тауардың бүлінуі салдарынан жылдар бойы жинақталған беделді жоғалту және шығындарға ұшырау оңай.

Өткен жылы бір отандық маркеттердің қоймасында қадағалау органдары ресейлік және украиналық өндірістің 1 600 кг қант тәрізді бұйымдарын алып қойды. Сапасыз өнім саны бойынша екінші орында сүт өнімдері тұр, бұл ретте алынып қойылған бұзылған сүт өнімдерінің жалпы көлемінің 69% қазақстандық өнімдерге келеді.  

Сонымен қатар, бизнес ауқымды бола бастағанда, ескі қоймаларда жұмыс істеу тіпті мүмкін емес болады – істен шығу мен қателер жіберудің пайыздық қатері тым жоғары. Уақыт талаптарына сай келетін инфрақұрылымды құру қажет.

Жеткізушілердің өз өнімдерін үлке топтамалармен тиеуді артық көретіндігі де проблемала болып табылады, ал маркеттер түрлі тауарларды бір машинада, кешіктірусіз және өте азы шығындармен алуды қалайды.

Осының салдарынан, нарық логистикалық операторлардан бизнестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін көптеген сапалы қызметтерді күтеді. Алайда Қазақстанның логистикалық нарығындағы ойыншылардың көпшілігі тар мамандандырылған қызметтерді ұсынумен шектеле отырып, өз қызметтерін – көлік, қоймалық немесе кедендік - бөлшектеуді жөн көреді. 

Сондықтан қазіргі уақытта маңызды проблемалардың бірі болып (сұранысқа қатысты) заманауи логистикалық орталықтардың жеткіліксіз саны табылады. Олар әлемдік стандарттарға сай көлік-логистикалық және кеден қызметтерін кешенді түрде ұсына алатын еді.

Осындай әдістің мысалы - «DAMU Logistics» компаниясының индустриалдық-логистикалық орталықтары, олар логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қоймалық мәдениетті қалыптастыру және Қазақстан (Алматы, Астана, Ақтөбе) аумағында, сондай-ақ оның аумағынан тыс жерде – Тула облысы (Ресей), «Қорғас» ШЫХО (ҚХР-мен шекара) индустриалдық-логистикалық орталықтарды салу қажеттілігін болжамдап қоя алды. ИЛО көптеген клиенттердің тауарларын тіршілікті қамтамысз етудің барлық жүйелерімен толтырылған «А» санатты заманауи қоймалық кешендерде орналастыруға, және әр клиентке логистикалық қызметтердің жеке пакетін ұсынуға мүмкіндік береді.    

Логистика бойынша «DAMU» клиенттердің кең пулына ие. Олардың арасында  «Procter and Gamble», «Adidas Group», «Sela», «Gallacher Kazakhstan», «Oriflame», «Air Astana», «Stada Нижфарм», «Colgate-Palmolive», «Nokian Tyers», «Tetra Рак» және т.б. компаниялар бар, олар сервисті, жүктерді қабылдау, жөнелту, сақтауға байланысты қиындықтардың болмауын, және нәтижесінде өнімнің түпкілікті тұтынушыға компания қалайтын түрде жеткізілетіндігін жоғары бағалайды.

Логисттердің өздері Қазақстанның логистикалық саласының қалыптасуын тездету үшін бірінші кезекте логистикалық инфрақұрылымды жаһандық түрлендіру міндеттерін шешу қажет екендігін растайды: жаңа авто- және темір жолдарды салу, қолданыстағыларды (халықаралық транзиттік дәліздер) қайта құрылымдау, логистикалық парктерді салу және т.б. Сондай-ақ жедел түрде транзит туралы заңды қабылдау және Қазақстан аумағы бойынша жүктердің тасымалдануы үшін жауапкершілікті көтеретін  транзит бойынша бірыңғай операторды белгілеу, сондай-ақ Қытай мен Еуропаны байланыстырып тұрған негізгі транзиттік магистральдар жолындағы заманауи логистикалық парктер салу қажет.

27 июл 2012