Көлік логистикасы

Көлік логистикасы

«Көлік логистикасы Орталық Азия экспортшыларының негізгі проблемасы болып табылады», - деп есептейді USAID өңірлік ынтымақтастық бойынша жобасының басшысы  Виктор Продедович. 

«Көлік логистикасы Орталық Азия елдерімен экспортталатын өнімдердің құндық мәніндегі 70%-дан 80%-ға дейінгі көрсеткішке жетеді, бұл өңір экспортшыларының ең үлкен проблемасы», – деді Продедович Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізген «Орталық Азиядағы экспортты дамыту» атты бизнес-семинарында.

Ол Өзбекстан мен Қазақстанның оңтүстік өңірлерін мысалға келтірді, бұл жерде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдері «далада центтерге алынып, Қазақстанның солтүстігінде долларға сатылады». Бұл ретте көлік шығындарынан да тұратын үстеме баға, оның айтуынша, «тіпті пайыздармен емес, еселеп – жүз есеге есептеледі, кейде одан да қымбат шығады».    

Бұл проблеманы шешу үшін, өңірлік экспорттық ынтымақтастық бойынша жоба басшысының сөзі бойынша, осы жоба аясында USAID маркетингілік зерттеулер өкізеді, проблемаларды анықтайды, олардың ақпараттық жариялануын қамтамасыз етеді, және осылайша олардың проблемаларының ресми деңгейде шешілуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар, USAID жобасы өңір экспортшылары үшін жаңа саудалық бағыттарды орнатуға бағытталған.   

«Қазір біз Ауғанстанмен белсенді жұмыс істеудеміз, Пәкістанмен қызмет етуді бастадық. Біз қазақстандық қәсіпкерлердің серікстестерді табуы, олармен іскерлік қатынастар орната алуы үшін Пәкістанға баруын толығымен қаржыландыруға дайынбыз», – деді Продедович. Қазіргі таңда Қазақстанның Пәкістанға экспорты, оның мәліметтері бойынша, жылына шамамен 20 миллион долларды құрайды, бірақ «бұл негізіне шикізат». Оның айтуынша, кәсіпкерлердің белгілі бір елдің бизнес-климаты, заңнамасы және қажеттіліктері туралы нақты түсінігі қалыптасуы үшін мұндай бизнес-кездесулер өте қажет.   

Кейінірек, журналисттерге берген сұхбатында, Ауғанстанмен сауда жасауға коалиция әскерлерін шығару қалай әсер ететіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып, USAID өкілі тауарлық ағынның «жоқ дегенде, төмендей қоймас» деп мәлімдеді. «Мүмкін, тіпті артып та қалар, себебі темір жолдар босайды», - деп болжамдады Продедович.

 

Дереккөз: http://www.kursiv.kz/news/details/avto/Transportnaya-logistika-yavlyaetsya-osnovnoj-problemoj/

15 мар 2014