Серіктестер

«DAMU Logistics» компаниясы – Қазақстан аумағында логистикалық қызметтерді көрсететін компаниялар арасындағы көшбасшы.

Бізбен ең ірі және белгілі компаниялар бірлесіп қызмет жүргізеді.

Samsung

Кішкентай «Samsung» сауда компаниясынан әлемдік деңгейдегі корпорацияға айналды, оның бизнесі прогрессивтік технологияларды, жартылай өткізгіш құрылғыларының өндірісі, көк тіреген үйлер мен зауыттар құрылысы, мұнай химиясы, сән, медицина, қаржы, қонақүй ісі және көптеген басқа саланы қамтиды. Жаңалықтар, өнертабыстар мен инновациялық өнімдер «Samsung» компаниясына осы салаларды ұдайы алға жылжыта отырып, көшбасшы болуға мүмкіндік берді.

BASF

«BASF» – дүние жүзінде аса ірі химиялық концерн. Концерн ұсыныстарының портфеліне химикаттар, пластмассалар, арнайы химикаттар, өсімдіктерді қорғау құралдары, сондай-ақ мұнай мен табиғи газ кіреді. Өз қызметінде «BASF» экономикалық табыстар, әлеуметтік жауапкершілік пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үйлестіреді.

Vympelcom Ltd

«ВымпелКом Лтд.» компаниялар тобының құрамына сымсыз және тіркелген байланыс технологияларының кең спектрі, сондай-ақ Ресей, Украина, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Вьетнам, Камбодж, Лаос, Алжир, Бангладеш, Пәкістан, Бурунди, Зимбабве, Орталық африкалық Республика, Италия және Канадада Интернетке кең жолақты қол жеткізу негізінде дауыстық байланыс және деректерді беру қызметтерін ұсынатын компаниялар кіреді.

Danone

«Danone» компаниясын 1919 жылы Барселоналық фармацевт Исаак Карассо құрған. Компанияның тарихы Исаак Карассоның ауыратын балаларға көмекесу ниетінен басталған. Себебі ХХ ғасырдың басында Испанияда көптеген балалар саны дисбактериоз бен ішек инфекцияларынан зардап шегетін. Балкандарда туылғандардың балығы сияқты, Карассо бала кезінен йогурттың пайдалы сипаттары туралы білген. Өз тілегін жүзеге асырмақ болған ол 1908 жылы ғылыми түрде йогурттың пайдалылығын дәлелдеген орыс ғалымы Илья Мечниковтің зерттеу материалдарын зерделеген және Испанияға Пастер институтынан (Мечников дәл сол жерде өз зерттеулерін жүргізген) сүт қышқылды йогурт дақылдарының – болгарлық таяқша мен термофилды стрептококктың штаммдарын жаздырып алдырған.

Henkel

Henkel operates worldwide with leading brands and technologies in three business areas: Laundry & Home Care, Beauty Care and Adhesive Technologies. Founded in 1876, Henkel holds globally leading market positions both in the consumer and industrial businesses with well-known brands such as Persil, Schwarzkopf and Loctite.

Interpharma-K

«Интерфарма-К» компаниясы қызметінің негізгі түрі болып дәрі-дәрмектер, медициналық және гигиеналық мақсаттағы бұйымдар, биологиялық белсенді қоспалар, медициналық техника, мал дәрігерлік өнімдер мен зарарсыздандырғыш құралдардың дистрибуциясы табылады. Компанияның міндеті – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайту және қолжетімді бағалар бойынша қазақстандық сатып алушылардың сапалы фармацевтикалық және парафармацевтикалық өнімдерге деген сұраныстарын қанағаттандыру. Компанияның негізгі мақсаты – отандық нарықты жоғары сапалы фармацевтикалық препараттармен және көптеген түрдегі ілеспе тауарлармен уақытылы қамтамасыз ету.

JSC

«Кселл» АҚ – GSM-900/1800 және UMTS/WCDMA (2100 МГц) стандартында қызметтер көрсететін ұялық байланыс операторы. Компанияның міндеті – клиенттердің қазіргі және жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жаңа, тартымды әдістер арқылы жаңа өнімдер мен қызметтерді жасау; адамдарға пайда әкелу және ақпараттық және коммуникациялық қызметтер саласында өзіндік дағдыларға негізделген инновациялық қызметтер арқылы жайлы өмір жағдайларын құру.

KFC

18 000 артық «KFC» мейрамханалары дүние жүзінің 110-нан аса елінде жұмыс істейді.