КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

70 га жерде 35-тен аса өнеркәсіптік компаниялар тартылды

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Индустриалдық парктер аумағында 3 000-нан аса жұмыс орны құрылды

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Басқарудағы 600
мың м² алаңдар

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы 13 локация

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

500-ден аса клиент

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Жылына 10 млн тоннадан артық жүктер

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

DAMU LOGISTICS =СЕНІМДІЛІК2 + САПА3
УАҚЫТ

Біз өзіміздің клиенттер үшін жаңашылдық пен үздік әлемдік технологияларды пайдалану арқылы заманауи шешімдер мен сенімді серіктестікті ұсына отырып, мүмкіндіктер мен құндылықтар жасауда алдыңғы қатарда болуға ұмтыламыз. Сол арқылы клиент бизнесін ілгері жылжыту және дамытуға жағдай жасаймыз.

2009 жылы біздің компания қызметтерді ұсыну саласында жоғары көрсеткіштер үшін «Алтын сапа» сыйлығына ие болды. Сыйлық жыл сайын конкурстық негізде өнімдер мен қызметтер сапасы саласында үздік жетістіктер үшін, сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін табысты енгізу үшін беріледі.

Біздің қызметтерді тұрақты бақылау және жетілдіру үшін біз ISO 9001 сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттарын енгіздік. Сапа менеджментінің жүйесі стандарттарға сай болуға көмектесіп қана қоймай, компанияның бизнес-процестерін үздіксіз жетілдіруге мүмкіндік береді.

Біздің компания қызметтер сапасын ұдайы жақсартып отырады. Оны мына жағдайлар растайды:

  • ISO 9001:2008 сертификатын алу;
  • Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық аудиті (екі жақты аудит);
  • ұсынылатын қызметтер саласындағы жоғары көрсеткіштер үшін «Алтын cапа» сыйлығы.