ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕРМАНИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КҮНІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕРМАНИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КҮНІ

2014 жылдың 24 қазанында «DAMU Logistics» компаниясы Қазақстандағы Германиялық экономика одағы мен Қазақстандағы Германиялық экономика өкілдігі «Германия және Қазақстан – Еуразиялық экономикалық одақтың екі жақты экономикалық қатынастарды дамыту үшін маңызы» ұранымен өткізген 16-шы Қазақстандағы германиялық экономиканың күніне қатысты.

1994 жылы құрылған «Қазақстандағы германиялық экономика клубы» 2012 жылдың шілде айында «Қазақстан Республикасындағы германиялық экономика одағы» деп қайта аталды. «Қазақстан Республикасындағы германиялық экономика одағы» – бұл германиялық және қазақстандық фирмалар мен ұйымдардың Қазақстан мен Германияда өздерінің іскерлік мүдделерін ұсыну мақсатында құрылған ерікті бірлестігі. Бірлестік Қазақстандағы Германия елшілігінің қамқорлығымен жұмыс істейді.

Шара қол жеткізілген табыстар, алдағы жобалар, екі жақты ынтымақтастықты дамыту және жақсарту бойынша мүмкіндіктерді талқылаудың алаңы болды, бұл біздің компания үшін маңызды, себебі біз бизнесті дамыту және кеңейту бағытында тек ҚР аумағында ғана емес, оның шегінен тыс жерде де қозғалуға ұмтыламыз.

25 окт 2014