Фасилитациялық сабақ

Фасилитациялық сабақ

2015 жылғы 20 қаңтарда «DAMU Logistics» компаниясының бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Ольга Краева және компанияның PR-менеджері Лэйла Даберова М.Тынышпаев атындағы Қазақс көлік және коммуникациялар академиясының «LogCentre» жобасы шеңберіндегі «Логистика саласындағы проблемалар және оқыту, ғылым және өндіріс арасындағы стратегиялық байланыстарды орнату жолдары» тақырыбында фасилитациялық сабаққа қатысты.

Сабақта «ТрансАл фрахтылық компаниясы» ЖШС бас директоры, Қазақстан-неміс университетінің құрметті профессоры В.В.Королев модератор болды.

Фасилитация міндеттері мынадай болды:

  1. «LogCentre» жобасының қазақстандық контентінің мәселелер шеңберін белгілеу.
  2. Жобаның аралық мақсаттары, міндеттері, ұйымдастырушылық ресурстары мен жұмыс көздері, жолдары мен шешу түрлерін белгілеу.
  3. Қатысушылардың анықталған мүдделері мен мамандануы бойынша сарапшылық және жұмыс топтарын қалыптастыру, жобаға қатысушылардың жұмыс жоспарын жасау. 
  4. Жобаны үйлестіру және ішкі телематикасы бойынша ұсыныстарды қалыптастыру және бекіту.   

Сабаққа ҚНУ, М.Тынышпаев атындағы ҚазККА, ALMU, Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ ияқты жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ «ТрансАл» фрахтылық компаниясы» ЖШС, «KAZLOGISTICS», «KLTC», «Борусан Макина Қазақстан» ЖШС өкілдері қатысты.

Шара «LogCentre» жобасы бойынша бірлесіп жұмыс істеудің тамаша бастауы болды.

23 янв 2015