ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

2014 жылдың 5 желтоқсанында «DAMU Logistics» компаниясында компания серіктестері мен клиенттерінің қатысуымен «ЕАЭО жағдайларында компаниялардың дамуы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді аша отырып, «DAMU Logistics» компаниясы президентінің кеңесшісі Тимур Оспанов ЕАЭО механизмдері, ЕАЭО шеңберінде «DAMU Logistics» компаниясының жобаларын дамыту, сондай-ақ одақтағы біріктірілген дамыту мүмкіндіктері сияқты маңызды тақырыптар туралы сөз қозғады.

 «Kimberly Clark», «Pony Express», «RG Brands», «DHL», «Huyndai Truck&Bus», «Beeline», «Bosch», «Alex Stuart», «Kuehne Nagel», «Borusan Makina», «Apple City Distribution», «Askar Tau-жиhаз», «Amanat Insurance», «НСК», «CBC Group», «Шин-Лайн», «Grundfos» және «Onduline» компанияларының өкілдері дөңгелек үстелдің қатысушылары болды.

Брифингтен кейін компаниялардың даму мәселелері бейресми жағдайда, фуршеттің дәмді сияпаттары жанында өтті, қонақтар бір-бірімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. 

«DAMU Logistics» шараға қатысқан барлық қонақтарға алғыс білдіреді. Келесі қызықты тақырыптар айналасында кездескенше, құрметті серіктестер мен клиенттер!

08 дек 2014